Психолог кеңесі
Мұғалімдерге психологиялық кеңес
Сіздердің назарларыңызға ҰБТ тапсырушылардың жекебастық психологиялық ерекшелігінің сипаттамасы ұсынылады:
Мидың оң жақ шары дамыған бала
Қысқа психологиялық мінездеме: осы топтағы оқушылардың қиялы, бейнелі ойлауы жақсы дамыған. Олар салыстыру, бейнелеу, образдарды жақсы қабылдайды. Бұл балаларда логикалық ойлау қабілеті анық емес.
ҰБТ-де кездесетін қиындықтар: олар гуманитарлық пәндерді жақсы игереді, бірақ математикалық пәндерде қиналады.
Дайындық тәсілі: оқушыларды өз қиялын, бейнелі ойлауын қатыстыра отырып (сурет, салыстыру, бейін) дайындау керек.
Өз-өзіне сенімі жоқ балалар
Қысқа психологиялық мінездеме: бұл балалар өз ойларына сенбей, басқа адамдардың ойына сенеді. Олар өз-өзіне сенбейді.
ҰБТ-де кездесетін қиындықтар: ҰБТ кезінде өз-өзіне сенбейтін балалар өздерін қиын сезінеді. Өйткені олар өз бетінше шешім қабылдай алмайды, өздеріне сенбейді.
Дайындық тәсілі: дайындық кезінде балаларға өз шешімін қабылдауға үйрету қажет. «Сен қалай ойлайсын, қай жұмыстан бастау керек, қиыннан ба немесе жеңілден бе?»
Зейінсіз балалар
Қысқа психологиялық мінездеме: бұл балаларда көп көңілдерін басқа жаққа аударады. Өз-өзін ұстау өте төмен деңгейде. Зейінді болуына олардың психикалық құрылымы қалыптасқанымен бұл балаларда ұйымдастырушылық қабілеті төмен деңгейде. Жұмыс істеу қабілеті тұрақсыз болады.
ҰБТ-де кездесетін қиындықтар: ҰБТ жұмысты ұйымдастырудың жоғары болуын талап етеді. Өз-өзін ұстауға еркі жетпейтін балалар танымдық дамудың жалпы жоғары деңгейде алған білімі жеткілікті бола тұра, берілген уақытты дұрыс пайдалана алмайды.
Дайындық тәсілі: дайындық кезінде осындай балаларда уақытты тиімді пайдалану үшін мынадай материалдық құралдар пайдалану керек: құм, сағат, сызғыш.
Үздік балалар
Қысқа психологиялық мінездеме: бұл балаларда сабақ үлгерімі, жауапкершілігі, ұйымдастырушылығы өте жоғары. Тапсырмаларды өте тез және жылдам орындауға тырысады. Осы балалар мақтағанды жақсы көреді. Өзін жақсы сезіну үшін, оларға тез үлгеру керек және жақсырақ жасау керек.
ҰБТ-де кездесетін қиындықтар: осындай балаларға еш тапсырманы қалдырмай, бәрін бірақ орындау қажет және нәтижелі болуды қалайды.
Дайындық тәсілі: дайындық сәттерде үздік оқушыларға жаттығулар, тапсырмаларды беру керек. Бірақ қатарынан жасамай таңдау ретінде орындау.
Астеникалық / енжар/ балалар
Қысқа психологиялық мінездеме: енжар балалар дегеніміз өте тез шаршайтын, әлсірейтін балалар. Олар тез шаршайды, жұмыс екпіні баяу болып, қателері де көбейе түседі. Шаршағандық - көбінесе жоғары жүйке жүйесімен байланысты, сондықтан табиғи жүйкелік шаршау басым.
ҰБТ-де кездесетін қиындықтар: ҰБТ-да ұзақ уақытты (3 сағат), жоғары жұмысқа қабілет талап етеді. Енжар балаларда жұмыс сапасы төмендеуі мүмкін, шаршағандық пайда болады.
Дайындық тәсілі: жұмыс барысында енжар балаларға: «Басқа балалар күні-түні сабақ оқиды, ал сен болсан тез шаршайсын» - деуге болмайды. Өйткені бұл балалардың жеке ерекшелігі осындай. Дайындық кезінде балаларға көп демалыс беру керек, ұйықтау қажет, далада серуенге шығу керек.
Гипербелсенді /жылдам/ балалар
Қысқа психологиялық мінездеме: бұл балалар өте тез, белсенді, жігерлі болады. Жұмысты тез орындайды, қызба ашуланшақ балалар. Тапсырманы тез орындайды, бірақ көп қате ұқыпсыз орындайды және оны түзетпейді.
ҰБТ-де кездесетін қиындықтар: ҰБТ-да ұқыпты, зейінді, жинақы талап етеді. Ал гипербелсенді балаларда бұл қасиеттер жоқ, сондықтан олардың әлсіз жақтары осы.
Дайындық тәсілі: бұл балаларға өзін-өзі бақылау, тексеру функциясын үйрету қажет, тапсырманы орындағаннан кейін, оны тексеру, қателерін табуды талап ету керек. ҰБТ маңызды екенін түсіндіру қажет. Өміріндегі ең маңызды шешуші кезең екенін түсіндіру артық емес.
Баяу қабылдайтын балалар
Қысқа психологиялық қиындықтар: бұл балалар өте баяу қимылдайды, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуы өте қиын болады. Оларды асықтырсаң, олардың жұмыс әрекеттері төмендейді.
ҰБТ-де кездесетін қиындықтар: ҰБТ тез жинақы болуды талап етеді. Бір тапсырмадан екінші тапсырмаға көшуді тез орындауы керек.
Дайындық тәсілі: Дайындық кезінде бір балаларға тапсырма беріп, «саған 5 есеп шығару үшін 1 сағат, яғни әр есепке 12 минут қана беріледі» деген тапсырмалар оқушыларды бір жұмыстан 2-ші жұмысқа тез ауысуға үйретеді.
ТҮЛЕККЕ ЖАДЫНАМА!
ҰБТ-ға дайындаламыз!
· Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.
o Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.
o Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста.
o Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.
o Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.
o Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.
o Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте.
o Сонымен, дайындық кезеңі арта қалды. Өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, тыныштан.
Зейін белсенділігін арттыратын жаттығулар
жағымды иістердің болуы: лимон, лаванда иістері.
баяу, тыныш әуендер – жаңбыр, табиғат дыбыстары және т.б.
жұмыспен дем алуды кезектестіру.
уақытша басқа іс-әрекетке ауысу тәсілдері.
дем алуды белсенді қимылмен қамты: жағымды әуенге билеу.
емтиханға дайындалып жатқан бөлмені дем алу кезіңде әрсайын босатуға тырыс.
дем алу кезіңде терезеге жақындап аспанға, ағашқа, көшеде бара жатқан адамдарға қарап, олардың не ойлап жатқандарын қиялдап көр.
қолдарынды 2-3 минутқа суық суға сал.
күнделікті, емтиханға дайындық кезіңде өзіңе жағымды және бақыт әкелетін іспен айналасуға уақыт бөл.
ҰБТ-ны тиімді және сапалы орындау жолдарын ұсынамыз
v Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.
v Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.
v Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.
v Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.
v Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.
v Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысыны ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес,сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.
v Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыруыңды есептеуің керек.
v Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.
v Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.
v Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!
СӘТТІЛІК!!!
СТРЕССКЕ ҚАРСЫ ӘДІСТЕР
1. Аптадағы жарты күнді өзіңізге ұнайтындай етіп өткізіңіз: суда жүзіңіз, билеңіз. Демалып, қыдырыныз немесе бақтағы орындыққа отырыңыз. Өзіңізді тек қана жұмысқа арнағанды тоқтатыңыз!
2. Күніне бір реттен кем емес өзіңізге ең қымбат адамға жылы сөз айтыңыз. Оның сізге де сондай жауап қайтаратындығына күмәніңіз болмасын.
3. Аптасына 2 немесе 3 рет дене жаттығуын жасаңыз. Жаттығулар адамды мезі ететіндей болмасын.
4. Суды көбірек ішіңіз (спиртті сусын емес!), денені қалыпта ұстау үшін күніне 1-1,5 литр су ішу қажет.
5. Аптасына бір рет өзіңізге «зиянын» тигізетін іспен де айналысып көріңіз (мысалы, тәттілер жеу арқылы диетаны «сәл-сәл» бұзуға болады немесе әдеттегіден ерте немесе кеш жатыңыз). Өзіңізді бақылауда ұстаңыз, егер бұл әдеттерді қайталай беріп дағдыға айналдырып алсаңыз, онда оның барлық маңыздылығы жоғалады.
6. Өз өміріңізді бұзуға асықпаңыз. Сізге келген кейбір хаттар мен телефон қоңырауларына көңіліңіз соқпаса жауап бермей-ақ қойыңыз.
7. Көңіл-күйіңіз төмен болса, күш қажет ететін жұмыс істеңіз: бақшада жұмыс істеп, арықтарды тазалаңыз, үй жиhаздарын ауыстырыңыз немесе т.б.
8. Егер ашулы болсаңыз онда қала немесе ауыл сыртына шығып айқайлаңыз, билеңіз, ескі ыдыстарды сындырыңыз. Ең маңыздысы бұл ашуыңызды басқаға көрсетпеу.
9. Егер аллергия болмаса, күніне, мүмкіндік болса бір банан жеңіз. Онда барлық витаминдер, микроэлементтер бар, сонымен қатар оның энергетикалық құндылығы жоғары.
10. Өз таңдауын бойынша жағымды, баяу әуен тыңдаған жөн. Мүмкіндік болса сонымен қатар тыныс алу жаттығуларын орында.