«ОҚУҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ»
Автор: ОМӘМИ
11-02-2021 09:46
ОҚУҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ
  1. ОҚЫТУ ШАРТТАРЫ

 

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған кадет мектеп-интернаты» ММ 1999 жылы құрылды. 2013 жылдың қыркүйек айында Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысының білім беру басқармасы «Облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» КММ-не қайта құрылған. (бұдан әрі - ОМӘМИ).

Әскери мектеп-интернатының негізгі мақсаты: «Өсіп келе жатқан ұрпақты қазақстандық париотизм рухында тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін сіңіру, Отан қорғаушы деген лайықты мамандықты игеру»

Негізгі міндеттері:

  1. Жалпы білім беру деңгейіндегі білімдерді және арнайы пәндерді менгеру, тәрбиеленушілерді жоғары әскери оқу орындарына (ЖОО) түсуге кәсіптік бағдарлау. 
  2. Жігерлі, физикалық қасиеттерін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  3. Тәрбиеленушілерде шығармашылық қасиеттері мен дарындылықтарын дамыту.

Жеке құрам интернат бөлмелерінде (казармалық нысанындағы) өмір сүреді, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді. Мектепте күшейтілген 5 (бес) реттік тамақтану қарастырылған (тамақтану үшін төлемнің 80 пайызы облыстық бюджет есебінен)

Апта сайын сенбі күні сағат 13.00-ден дүйсенбі күні сағат 08.00-ге дейін тәрбиеленушілер үйге немесе жақын туыстарына бару үшін босатылады (жеке қажеттіліктері үшін уақыт).

ОМӘМИ базасында әскери-патриоттық клубтар мен спорттық үйірмелер өз жұмыстарын жасайды: бокс, қоян-қолтық ұрыс, волейбол, футбол, баскетбол және үстел теннисі. Осымен қатар факультатив және шығармашылық-үйірмелік сабақтар жүргізіледі.

Оқу кезеңінде тәрбиеленушілер Халықаралық, Республикалық және облыстық ғылыми, споттық жарыстарға қатысады. Талай рет облыстық және қалалық сайыстарда жүлделі орындарға ие болған. Бірталай тәрбиеленушілер спорт шеберіне кандидаттар болды.

Ішкі күн тәртібі, жұмыс тәртібі, тәрбиеленушілер мен офицерлік-педагогикалық құрамының арасындағы өзара қатынастар ОМӘМИ нормативтік –құқықтық құжаттары мен мектеп Жарғысымен реттеледі. Мектеп өміріне марш-бросок, әскери-далалық жиындар, оқу дабылдары, әскери-патриоттық сайыстарға қатысу, атыс қаруынан (АК, ПМ, пневматикалық қару)ату дәстүрлер енді.

Ауғаныстандағы соғыс ардагерлерінің Кеңесімен, сондай-ақ Қазақстаннан локальді соғыстардың жауыңгерлік әрекеттеріне қатысушыларымен жақсы қарым-қатынастар орнатылған.

 

  1. ОҚУҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ

 

Кандидаттарды тіркеу күн сайын 1 ақпаннан бастап 1 сәуірге дейін 9 сынып оқушыларының (ер балалар) қатарынан одан әрі оқуды 10-11 сыныптарда жалғастыру үшін жүрізіледі.  

Өтініштерді және құжаттарды қабылдау 01.02.202- 01.04.2021ж. жүзеге асырылады.

Кандидаттарды қабылдау конкурстық негізде 4 кезеңнен өткізілдеі:

1-кезең.Медициналық қаралудан өту, ұсынылған құжаттарды қарастыру (жеке ісі);

2-кезең.Жалпы білім беру пәндерінен түсу емтихандарын тапсыру; оқыту тілі бойынша өтеді: (қазақ тілі немесе орыс тілі)  (жазбаша), математика (жазбаша), Қазақстан тарихы (жазбаша).

3-кезең.Физикалық дайындық бойынша норматвтерді тапсыру:

- 60 метрге жүгіру:өте жақсы- 8,4 сек.; жақсы- 9,2 сек.; қанағат- 10,0 сек.

- 2000 метрге жүгіру: өте жақсы-9мин. 20 сек.; жақсы- 10мин.00 сек; қанағат -11 мин. 00 сек.

- Биік белтемірге тартылу «Үстінен ұсталып тартылу»:өте жақсы - 10 рет; жақсы - 8 рет; қанағат - 7 рет.

4-кезең.Жеке психологиялық тестілеу және сауалнама жүргізіледі.

Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінде ең көп ұпай жинаған үміткерлер курсанттар қатарына енгізіледі және ОМӘМИ регламенті мен тәртібінде өмір сүру үшін бейімдеу мақсатымен «Жас жауынгер курсынан» өтеді.

Оқу орнын бітіргеннен соң, тәрбиеленушілер жалпы орта білім аттестаттын, мамандандырылған әскери мектеп-интернатын аяқтағаны туралы куәлігін алады және жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін ұсынымхат бойынша жолданады. 

 

Сіздерді өз қатарымызда күтеміз!

 

ШынайыержігіттерОтанымыздыңкәсібиқорғаушыларыболғаныжөн!

 

Қосымша ақпаратты біздің сайтымыздан алуға болады

 

patriot.edu.kz

 

мектеп директоры

Иран Сунгатович Бектемиров

тел. 8 (7182) 21-23-60

 

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары

Мейргул Муратовна Серикбай

ұялы тел:8 771 417 72 55

ОМӘМИ оқуға түсуге ниет білдірген тұлғаларға келесі мекенжай бойынша хабарлауға болады: 140013,

 Павлодар қ., Ломов көшесі, 180/7

 ОМӘМИ

Анықтама телефондары:

факс. 8 (7182) 21-25-02

8 771 417 72 55

Электрондықпошта:     

askeri_mektep.pvl@mail.ru

жұмыс уақыты09.00 – 17.00.

түскі үзіліс13.00 – 14.00.

 

демалыс күндері:сенбі,жексенбі

Контакты

Біздің мекенжайымыз:

140013, Павлодар қ. 

Ломов көш., 180/7

тел: (7182) 21-25-02; 21-27-24;

 

сенім телефоны: 21-25-02

Мектеп почтасы

askeri_mektep.pvl@mail.ru 

сенім почтасы

senim.pochta.2020@mail.ru
 

Жол картасы

 

Облыстық білім беру басқармасының сенім телефоны:
8 7182 320560